«Шахтёр» Түркияда екі жолдастық матч өткізеді
Қарағандылық «Шахтёр» Қазақстан Премьер-Лигасының жаңа маусымына дайындықты Түркияның Анталья қаласында жалғастыруда. Бұл туралы клубтың баспасөз қызметі хабарлады.
Алғашқы жиында Магомед Адиевтың шәкірттері екі бірдей матч өткізеді.
25 қаңтарда «кеншілердің» қарсыласы косоволық «Гилани» клубы болмақ. Ал келесі кездесуді қарағандылықтар 31 қаңтар күні болгариялық ЦСКА-ға (София) қарсы өткізеді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или