Александр Клещенко: Бастысы - команданың нәтижесі, қалғаны екінші кезекте

Александр Клещенко: Бастысы - команданың нәтижесі, қалғаны екінші кезекте

«Тұран» футбол клубының жаңа ойыншысы Александр Клещенко клубтың баспасөз қызметіне берген сұхбатында команданың алға қойған мақсаты мен алған әсері жайлы айтып берді.

- Келісімшартқа қол қойған соң қандай әсердесіз?
- «Тұран» футбол клубының сапына қосылғаныма қуаныштымын. Командаға тек пайдамды тигізіп, оның өрлеуіне жұмыс істеймін.

- Маусымнан не күтесіз?
- Жаңа маусым - бұл жаңа үміт. Бапкеріміз айтпақшы, алдымызда тек ең жоғары мақсат пен міндет тұр.

- Команда сізді қалай қабылдады?
- Бәрі жақсы, ақырындап ұжымға үйренісіп келемін. Көбімен бұрыннан таныспын, ал басқаларымен алаңға түйіскенбіз. Тез арада командаға бейімделіп, көп уақытты алмайды деп үміттенемін.

- Маусым алдында өзіңізге жеке мақсат қоясыз ба?
- Жеке мақсат қоймаймын. Бастысы - команданың нәтижесі. Қалғаны екінші кезекте.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или