«Ақтөбенің» биылғы бюджеті 3 млрд теңге ме? Клуб жауап берді

«Ақтөбенің» биылғы бюджеті 3 млрд теңге ме? Клуб жауап берді

Кей бұқаралық ақпарат құралдарында «Ақтөбе» футбол клубының бюджетіне қатысты ақпарат тарады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Дәлірек айтқанда, Желіде ақтөбелік клубтың 2022 жылға бюджеті 3 миллиард теңге екені жазылған. Клуб бұл ақпаратты жоққа шығарды.

«Осыған сәйкес «Ақтөбе» футбол клубы аталмыш ақпараттың шындыққа жанаспайтынын ресми түрде хабарлайды. Ақтөбе облысы әкымдігінің 2021 жылғы 15 желтоқсанындағы «Облыстық мәслихаттың 2022-2024 жылдарға арналған облыстық бюджетті жүзеге асыру» туралы №406 қаулысына сәйкес клуб бюджеті 1,2 млрд теңгені құрайды. Бюджет ұлғайтылған жағдайда ресми хабарланатын болады.

Жанкүйерлер мен БАҚ өкілдерін ресми ақпаратқа ғана назар аударып, клуб абыройына нұқсан келтіретін хабарлардан аулақ болуға шақырамыз», - деп жазды клуб баспасөз қызметінің өкілдері.

Қырғызстан құрамасының ойыншысы «Тұранның» жиынына қосылды

«Қалғаны екінші кезекте». «Тұранның» жаңа ойыншысы маусымдағы мақсатын айтты

«Ақтөбе» - «Полесье» матчына бейнешолу

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или