«Қалғаны екінші кезекте». «Тұранның» жаңа ойыншысы маусымдағы мақсатын айтты

«Қалғаны екінші кезекте». «Тұранның» жаңа ойыншысы маусымдағы мақсатын айтты

«Тұран» ФК жаңа ойыншысы Александр Клещенко клуб баспасөз қызметіне берген сұхбатында әсерін бөлісіп, командамен бірге алға қойған мақсатын айтты, деп хабарлайды Prosports.kz.

- Келісімшартқа қол қойған соң қандай әсердесіз?
- «Тұран» футбол клубының сапына қосылғаныма қуаныштымын. Командаға тек пайдамды тигізіп, оның өрлеуіне жұмыс істеймін.

- Маусымнан не күтесіз?
- Жаңа маусым - бұл жаңа үміт. Бапкеріміз айтпақшы, алдымызда тек ең жоғары мақсат пен міндет тұр.

- Команда сізді қалай қабылдады?
- Бәрі жақсы, ақырындап ұжымға үйренісіп келемін. Көбімен бұрыннан таныспын, ал басқаларымен алаңға түйіскенбіз. Тез арада командаға бейімделіп, көп уақытты алмайды деп үміттенемін.

- Маусым алдында өзіңізге жеке мақсат қоясыз ба?
- Жеке мақсат қоймаймын. Бастысы - команданың нәтижесі. Қалғаны екінші кезекте.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или