«Қызыл-Жардың» сапы бразилиялық футболшымен толықты
«Қызыл-Жар» командасы бразилиялық жартылай қорғаушы Жиан Мартинспен келісімшартқа отырғанын хабарлады.
<span>Жартылай қорғаушы Жиан Мартинс мансабын 2013 жылы Португалиялық «Санжоаненсе» командасында бастаған. </span>
<span>Сонымен қатар осы елде Мартинс «Униан Мадейра» және «Пасуш де Феррейра» командаларында доп тепкен. </span>
<span>Ол қазақстандық жанкүйерлерге «Тараз», «Оқжетпес», «Атырау» клубтарында көрсеткен ойынымен жақсы таныс. </span>
<span>2020 жылғы маусымның статистикалық мәліметтеріне көз жүгіртсек, допты тартып алу мен төмендегі жекпе-жектер көрсеткіші бойынша чемпионаттың үздік 5 футболшысы қатарында.</span>
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или