«Барселона» Гавимен келісімшарт мерзімін 2026 жылға дейін ұзартады

«Барселона» Гавимен келісімшарт мерзімін 2026 жылға дейін ұзартады

«Барселона» жас жартылай қорғаушысы Гавимен жаңа келісімшарт жасасады, деп жазады Prosports.kz.

Журналист Фабрицио Романоның хабарлауынша, 17 жастағы ойыншы каталониялық клубпен келісімшартын 2026 жылға дейін ұзартады.  

Қос тарап жаңа келісімшарт туралы әлдеқашан келісіп қойды, енді оны ресми ресімдеу ғана қалды. 

Айта кетейік, Гави осы маусымда 25 ойынға қатысып, бір гол соқты және үш нәтижелі пас берді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или