«Қайраттан» кеткен Вагнер Лав даниялық клубқа ауысты
Бразилиялық шабуылшы Вагнер Лав Данияның «Мидтьюллан» футбол клубымен келісімшартқа отырды. Бұл туралы клубтың баспасөз қызметі хабарлады.
Келісім маусым соңына дейін жасалған. «Мидтьюллан» 17 турдан кейін 35 ұпай жинап, Дания чемпионатында көш бастап келеді. 2020 жылы даниялық клуб өз тарихында алғаш рет Чемпиондар лигасының топтық кезеңіне шықты.
Айта кетейік, Вагнер алматылық «Қайрат» сапында 57 матч өткізіп, 27 гол соғып, 20 нәтижелі пас берді. Ал, мәскеулік ЦСКА сапында бразилиялық барлық жарыстарда 259 матчқа қатысып, 124 гол соққан.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или