Максим Федин «Тұран» ойыншысы атанды

Максим Федин «Тұран» ойыншысы атанды

Түркістандық «Тұран» Қазақстан құрамасының 25 жастағы шабуылшысы Максим Фединмен келісім шартқа отырғанын хабарлады.

Өткен маусымда Федин «Ақтөбе» сапында 30 кездесу өткізіп, 4 гол соққан. Ол ұлттық құрама сапындағы алғашқы ойынын 2018 жылы 14 қазанда Ұлттар лигасында Латвия құрамасына қарсы өткізді.

Бұған дейін Максим «Бәйтерек», сербиялық «Спартак», «Атырау», «Оқжетпес», «Тобыл», «Қайсар», «Ақтөбе» командаларында өнер көрсеткен.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или