Аслан Дарабаев «Астана» жейдесін киді
«Астана» футбол клубы қазақстандық жартылай қорғаушы Аслан Дарабаевпен келісім-шартқа отыр. Бұл туралы клубтың баспасөз қызметі хабарлады.
Қарағанды облысының тумасы Аслан футболшы мансабын жергілікті «Шахтер» клубында бастаған. Ел чемпионаты аясында алғаш 2008 жылы алаңға шығып, келесі жылы ел біріншілігінің қола жүлдесін қанжығасына байлаған.
Отандық хавбек керекулік «Ертіс» құрамында да өнер көрсетіп, 43 рет алаңға шығып, қарсыластар қақпасына 7 гол салып, 6 ассист берген. Асланның соңғы клубы – маңғыстаулық «Каспий». Бұл құрамда 31 ойынға қатысып, 5 гол соғып, 4 рет нәтижелі доп берген болатын.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или