«Қайрат» төрт бірдей ойыншысымен қош айтысты

«Қайрат» төрт бірдей ойыншысымен қош айтысты

«Қайрат» футбол клубымен төрт бірдей ойыншының арасындағы келісім-шарт мерзімінің аяқталуына байланысты команда қатарынан: Ғафуржан Сүйімбаев, Стас Покатилов, Камо Оганесян және Денис Поляковтың кетті. Бұл туралы клубтың баспасөз қызметі ресми хабарлады.

Ғафуржан Сүйімбаев «Қайрат» футбол клубына 2016 жылы келіп қосылған болатын. Алматылық ұжым сапында 149 кездесу өткізіп, 12 гол соққан және 24 голдық пастың авторы атанған.

Стас Покатилов 2016 жылы «Қайрат» ойыншысы атанды. Алматылық команда сапында 151 кездесу өткізіп, 45 ойында өз қақпасына гол өткізбей, құрғақ сақтаған.

Камо Оганесян «сары-қаралардың» сапына 2020 жылы қосылды, 59 кездесу өткізіп, 6 гол, 5 голдық пасымен көзге түскен.

Денис Поляков «Қайрат» сапына 2020 жылы қосылған болатын, 51 кездесу өткізіп, 4 гол, 2 голдық пастың авторы атанған.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или