Александр Клещенко «Тұранда» қаралымнан өтіп жүр

Александр Клещенко «Тұранда» қаралымнан өтіп жүр

Ресейлік қорғаушы Александр Клещенко «Тұран» сапында қаралымнан өтіп жатыр. Бұл туралы клубтың баспасөз қызметі хабарлады.

Қазіргі уақытта 26 жастағы қорғаушы «Тұран» футбол клубының Түркиядағы оқу-жаттығу жиынында. Өткен маусымда Александр Клещенко «Ордабасы» сапында 28 матчта алаңға шығып, 1 гол соққан.

Meta-ratings.kz мәліметінше, Клещенко карьерасын басқа клубта жалғастыруды шешкен, себебі «Ордабасы» қаржылық мәселелерге байланысты, биылғы маусымға қатыспауы мүмкін. 

26 жастағы ресейлік қорғаушы таяуда «Тұранның» бас бапкері Владимир Газзаевтан ұсыныс алған. Ойыншы мен бапкер қостанайлық «Тобылда» бірге жұмыс істеген.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или