«Қайраттың» шетелдік ойыншысы «Астана» сапына ауысты
«Астана» армениялық қорғаушы Камо Оганесянмен келісімшарт жасасты, деп хабарлайды Prosports.kz.
Камо Оганесян футболдағы мансабын өз отанында, дәлірек айтқанда Ереванда бастаған. Қорғаушы «Пюник» құрамында екі жүзден астам матч өткізіп, 33 гол соғып, 25 рет нәтижелі пас беріп, 2 рет Армения чемпиондығына қол жеткізген. Ал 2017 жылы «Торпедо-БелАЗ» клубына өтіп, Белорусь чемпионатында өнер көрсетті.

Талдықорғандық «Жетісуға» 2018 жылы қосылған Камоның Қазақстандағы мансабы сол жылдан басталады. Ол «Қайрат» құрамына 2020 жылы ауысып, келесі маусымда ел чемпионатының алтын жүлдесін иеленді.

Оганесян – бесаспап ойыншы: оң қаптал қорғаушысынан бөлек, қапталдағы жартылай қорғаушы және оң қанаттағы шабуылшы ретінде талай алаңға шығып, орталық хавбек позициясында да бірнеше ойын өткізген.

Камо Оганесян
Туған күні: 05.10.1992
Азаматтығы: Армения
Позициясы: қорғаушы
Бойы: 177 см
Салмағы: 75 кг