«Қызыл-Жар» бразилиялық футболшымен келісімшарт жасасты

«Қызыл-Жар» бразилиялық футболшымен келісімшарт жасасты

«Атырау» жартылай қорғаушысы Жеан Мартинс петропавлдық «Қызыл-Жар» сапына ауысты, деп хабарлайды Prosports.kz<span> </span>тілшісі<span> </span>Meta-ratings.kz сайтына сілтеме жасап.

28 жастағы бразилиялық ойыншы мен «Қызыл-Жардың» бас бапкері Андрей Карпович бірге «Оқжетпесте» жұмыс істеген. Мартинс ҚПЛ-да үш маусым өткізді, көкшетаулық командадан бөлек «Тараз» бен «Атырау» намысын қорғаған.

Бұл - петропавлдық клубтың биылғы трансфердегі алғашқы легионері. Бұған дейін командаға «Атыраудың» тәжірибелі қақпашысы Владимир Логиновский ауысқан еді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или