Қақпашы Покатилов «Қайратпен» қоштасты

Қақпашы Покатилов «Қайратпен» қоштасты

«Қайраттың» қақпашысы Стас Покатилов Instagram әлеуметтік желісінде клубпен қоштасты, деп хабарлайды Prosports.kz Meta-ratings.kz сайтына сілтеме жасап.

«Бәрі үшін рахмет, «Қайрат», - деп жазды 29 жастағы футболшы.

Ол сондай-ақ клуб басшысы Қайрат Боранбаевтың аккаунтын белгілеп, оған көрсеткен көмегі мен қолдауы үшін алғысын білдірді.

Meta-ratings.kz хабарлағандай, Покатилов «Ақтөбемен» келісімшартқа отырмақ.

Айта кетейік, өткен маусымда Покатилов «Қайратпен» ҚПЛда қола медаль еншілеп, Қазақстан кубогын жеңіп алған болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или