«Қайрат» қорғаушысы еуропалық клубқа ауысты

«Қайрат» қорғаушысы еуропалық клубқа ауысты

«Қайрат» футбол клубы қорғаушы Ян Вороговскийді Бельгияның «Моленбек» командасына жалға берді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұл туралы алматылық клубтың баспасөз қызметі мәлімдеді.

Жалдау шарты алты айға жасалды. Сондай-ақ, «Моленбек» қазақстандық футболшының келісімшартын сатып алу құқығына ие.

«РВД Моленбек» 1973 жылы құрылған. Қазір Бельгия Бірінші лигасында бақ сынайды. Биыл турнирлік кестеде үшінші орында тұра, Жоғары лигаға шығуға үміткер.

Ян Вороговский бұған дейін де Бельгияда доп тепкен. 2019 жылы шілдеден 2021 жылы шілдеге дейін «Беерсхот» сапында өнер көрсетті. 

Ойыншы 2021 жылдың жазында «Қайратқа» еркін агент ретінде оралды. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или