«Тараз» Қазақстан құрамасының ойыншыларымен келісімшартын ұзартты

«Тараз» Қазақстан құрамасының ойыншыларымен келісімшартын ұзартты

«Тараз» футбол клубы бірқатар ойыншылармен келісімшарттар жасалғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі fctaraz.kz сайтына сілтеме жасап.

Клубпен келісімшартты Қазақстан құрамасының ойыншылары Бауыржан Байтана мен Мұхамеджан Сейсен, сондай-ақ Абзал Таубай, Әлішер Сүлей, Мақсат Әмірханов, Берік Айтбаев, Әділет Кеңесбек ұзартты. Сонымен қатар, басқа командаларда өнер көрсеткен жергілікті футболшыларды қайтару әрекеттері жасалып жатыр.

Бұған дейін «Тараз» командасымен келісімшартты Қазақстан жастар құрамасының ойыншылары Абылайхан Жұмабек пен Дінмұхамед Қараман, сондай-ақ Жалғас Жақсылықов ұзартқан болатын.

Легионерлерге келетін болсақ, клуб бұрынғы тактиканы ұстанады - бір командада бес шетелдіктен аспауы керек, шетелден іріктеу әдісімен тек білікті ойыншылар ғана шақырылады.

Фото fctaraz.kz

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или