Нұрлан Дайыров «Тараз» командасына ауысты

Нұрлан Дайыров «Тараз» командасына ауысты

Meta-ratings.kz сайтына белгілі болғандай, «Қызылжардың» бұрынғы қорғаушысы Нұрлан Дайыров «Тараз» командасымен келісімшартқа отырған.

Жамбылдық команданың басшылығы мен жаттықтырушылар құрамы ауысқаннан кейінгі клубтың алғашқы трансфері Дайыров болды. 26 жастағы қорғаушы Тараз футболының түлегі, бірақ жас кезінде «Қайратқа» кеткен еді.

Өткен маусымды «Тұранмен» бастаса, жазда «Қызылжарға» ауысып, петропавлдықтардың Конференция лигасына жолдама алуына көмектесті. Петропавлдықтар ұлттық құрамаға үміткермен жаңа келісім-шарт жасасуға дайын болғанымен, Таразға оралуды жөн көрген.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или