Олжас Бөрібаев: «Байқоңырдың» жеңіске деген жігері басым болды»

Қазақстан Бірінші лигасының екінші тур аясында өткен «Байқоңыр» - ЦСКА кездесуінен кейін қонақтардың бас бапкері Олжас Бөрібаев баспасөз мәслихатын өткізіп, ойын жайлы өз ойын білдірді, деп хабарлайды «PROСПОРТ».

Матч туралы

- Жақсы ойын болды. Екі команданың де жеңістен үміттері болған. Бірақ «Байқоңыр» өз мүмкіндіктерін голға айналдыра алды да, өкінішке қарай, біз мүмкіндіктерімізді жүзеге асыра алмадық. «Байқоңырдың» ойыны маған қатты ұнады. Жеңіске деген құлшыныстары көрініп тұрды.

Байқоңыр» командасы туралы

- Құрамында жұлдыз ойыншысы жоқ, өте жақсы команда. Әлсіз жері байқалмайды, маған сонысы ұнады. Ойын алдында жігіттеріме ескертіп, алаң иелерінің мықты екендіктері жөнінде айтқанмын. Дегенмен, мұның алдында Ақтауға қонаққа барып, өте қарымды деген «Каспийді» ұтқаннан кейін жас ойыншыларымыз бүгінгі қарсылас одан да оңай болады деп ойлаған болуы керек. Ойын жүрмей жатқаннан кейін психологиялық тұрғыда сынып қалды.

«Байқоңырдың» үздік ойыншылары жөнінде

- Бірінші ретте екі орталық қорғаушыны атап өтер едім. Олардан өте алмадық. Сондықтан шығар, барлық шабуылымыз қос қаптал арқылы өрбіді.

Матчқа қойылған тактикалық ұстанымы турасында

- Біз «Байқоңырмен» мұның алдында «Наурыз» кубогында кездескенбіз. Одан бөлек, «Қыранмен» болған ойынын көрдім. Жалпы, команда маған таныс. Алаңға шығатын футболшыларын да жаңылмай таптым. Тек матч басында берген тапсырмаларыңды алаңға шыққанда футболшылар ұмытып кетіп жатады. Жас ойыншылардың психологиясы солай.

Дереккөз: fckaysar.kz

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или