Дарко Зорич қарағандылық «Шахтерге» ауысты

Дарко Зорич қарағандылық «Шахтерге» ауысты

«Шахтер» ФК черногориялық жартылай қорғаушы Дарко Зоричпен келісімшарт жасасты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Зорич кейінгі үш маусымда ҚПЛ-да ойнаған. Алдымен көкшетаулық «Оқжетпес» жейдесін киіп, кейін петропавлдық «Қызыл-Жар» сапына ауысқан. 28 жастағы ҚПЛ-ға дейін черногориялық «Сутьеска» мен «Челик», сербиялық «Чукарички», «Борац», сондай-ақ грекиялық АЕК сапында өнер көрсеткен.

Өткен маусымда Зорич «Қызыл-Жар» сапында барлық турнирде 20 матч өткізіп, жеті гол мен алты нәтижелі пастың авторы атанған. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или