Қасым, Удо қатарлы ойыншылар «Ақтөбеде» қаралымнан өтеді

Қасым, Удо қатарлы ойыншылар «Ақтөбеде» қаралымнан өтеді

«Ақтөбенің» Анталиядағы оқу-жаттығу жиыны барысында бірнеше ойыншы қаралымнан өтіп жатыр, деп жазады Prosports.kz.

Бұл туралы клубтың баспасөз қызметі хабарлады.

- Олардың ішінде Қазақстан ұлттық құрамасының қорғаушысы Әлібек Қасым және Армения құрамасының жартылай қорғаушысы тегі нигериялық Соломон Удо бар. Сондай-ақ «Ақтөбе» сапында қаралымда сербиялық қақпашы Саша Стаменкович және ресейлік қорғаушы Антон Бочаров жүр.

Сонымен қатар командамыздың жартылай қорғаныс шебін күшейтуге Мате Црнцевич есімді хорват орталық хавбегінің де келгенін айта кету керек.

Былтырғы құрамнан шабуылшы Виталий Балашов, жартылай қорғаушы Рифат Нұрмұғамет және қорғаушы Ардақ Сәулет те қаралымнан өтеді. Жиындағы қалған барлық ойыншымен алдын ала келісім жасалған, - деп жазды команданың баспасөз қызметі.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или