Ислам Чесноков «Каспийге» ауысуы мүмкін

Ислам Чесноков «Каспийге» ауысуы мүмкін

Meta-ratings.kz сайтына белгілі болғандай, қазақстандық жартылай қорғаушы Ислам Чесноков «Каспийдің» Түркиядағы оқу-жаттығу жиынына қосылды.

22 жастағы Чесноков жақын күндері ҚПЛ клубымен келісімшартқа отыруы мүмкін.

Бұған дейін ол Беларусь чемпионатының жоғарғы дивизионындағы клубтармен келіссөздер жүргізген.

Өткен маусымда Чесноков беларусьтік «Белшина» сапында өнер көрсетті.

Чесноков «Белшинаға» былтыр сәуір айында ауысқан. Аталған клубта 28 матч өткізіп, жеті гол соқты және төрт нәтижелі пас берді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или