«Эвертон» Бенитесті қызметінен қуды

«Эвертон» Бенитесті қызметінен қуды

«Эвертон» клубы 61 жастағы испаниялық Рафаэль Бенитесті қызметтен босатты.

Команданың жаңа бапкері кім болатыны әлі белгісіз.

Бенитес «Эвертон» тізгінін 2021 жылдың шілдесінде ұстады. Оның клубпен келісімшарты 2024 жылдың маусымына дейін есептелген. Оның жетекшілігімен команда барлық турнирлерде жеті ретжеңіске жетіп, 11 рет жеңіліске ұшырап, төрт рет тең түскен.

«Эвертон» 19 матчтан кейін 19 ұпай жинап, турнир кестесінде 15-ші орында тұр.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или