«Ордабасының» тек салық бойынша берешегі 2 миллиард теңгеден асады

«Ордабасының» тек салық бойынша берешегі 2 миллиард теңгеден асады

Prosports.kz сайтына белгілі болғандай, шымкенттік «Ордабасының» жалақы үшін ғана емес, мемлекет қазынасына да қыруар қарызы бар.

Тек салықтар мен төлемдер бойынша «Ордабасының» ФК 2 миллиард теңгеден астам берешегі бар. Ал жақын арада өтелмесе, шымкенттіктер жаңа маусымға қатыса алмайды.

Сонымен қатар, Prosports.kz сайтының мәліметінше «Ордада» клуб қызметкерлері 8 айдан бері жалақы алмаған. Бұған дейін түрлі БАҚ «Ордабасының» ҚПЛ-дағы орнын Шымкенттің намысын қорғайтын «Қыран» басуы мүмкін екенін жазған болатын.

2021 жылғы маусымда бұл клуб Бірінші лига турнирін үшінші орынмен аяқтады. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или