Алматы Университетінің кубогы өтті

Алматы Университетінің кубогы өтті

Кеше Алматы университетінің ұжымы «Спартак» стадионында Ұлы Жеңістің 70 жылдығының құрметіне арнап Алматы қаласының ЖОО оқытушылары мен журналистері, әкімшіліктер арасында мини футболдан «Отан үшін, нұрлы болашақ үшін!» деп аталатын турнир өткізді.

Турнирге барлығы 16 команда қатысты. Олар: Алматы Университеті, Абай атындағы ҚазҰПУ, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Қ.И.Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ, Т.Рысқұлов атындағы ЖЭУ, Қазақ Ұлттық Аграрлық Университеті, Радиоэлектроника және байланыс әскери инженерлік институты, Балқаш аудандық әкімдігі, «Қаламгер-Медиа» командасы, «Айқын» газетінің командасы, «Таң» ТРК командасы, Алматы телеканалының командасы, «Қазақ газеттері» ЖШС командасы, «PROСПОРТ» газетінің командасы және тағы екі команда болды.

Турнирдің ашылу салтанатында Алматы Университетінің ректоры Құлжабаев Бауыржан Жамалбекұлы, турнирдегі бас төреші Несіп Жүнісбаев ағамыз, «Қазақ газеттері» ЖШС президенті Жұмабек Кенжалин, «Қаламгер-Медиа» орталығының директоры, ҚР Жазушылар одағы төрағасының орынбасары, "Дарын" мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты Жанарбек Әшімжан құттықтау сөз сөйлеп, Қазақстан Республикасының туы желбіреп, Әнұран шырқалды. Содан кейін Алматы Университетінің жүзге жуық студентінің қатысуымен флешмоб өткізілді.

Флешмоб «Біз өткенімізді ұмытпаймыз, болашақ үшін дауыс береміз!» деген ұранмен өтіп, Ұлы Жеңістің 70 жылдығының құрметіне «70» саны жасыл киімді студенттер арқылы жазылды. Бұл тамаша көріністі тамашалаған турнирге қатысушы командалар зор ықыласпен қол соғып, турнир тамаша басталды.

Алматы Университетінің ректораты турнирге қатысушылар мен жанкүйерлер үшін үлкен қазанға палау бастырып, дастархан жайды. 250-300 адамға Алланың ризашылығы үшін түскі ас ұйымдастырылды. Бұған барлық қатысушылар ыстық ықыластарын білдіріп, рахметтерін айтып жатты.

Турнир таңғы сағат 10:00-де басталып, 18:30-ға дейін жалғасты. Турнирдің соңғы айналымында денесі қызған ойыншыларды 5-7 минуттық өткінші жауын шомылдырып өтті.

Турнир соңында «Үздік төреші» номинациясы бойынша Жанарбек Әшімжан, «Ең жас ойыншы» номинациясы бойынша 14 жастағы Әлібек Айтақын, «Ең егде ойыншы» номинациясы бойынша 62 жастағы Балқаш әкімдігінің қақпашысы, «Үздік қақпашы» номинациясы бойынша «Қазақ газеттері» ЖШС командасының қақпашысы, «Үздік қорғаушы» номинациясы бойынша Абай атындағы ҚазҰПУ ойыншысы Балтабаев Ержан ағамыз, «Үздік шабуылшы» номинациясы бойынша 7 доп соққан ойыншы марапатталды.

Турнир қорытындысы бойынша 1-орынды Т.Рысқұлов атындағы Жаңа экономикалық университетінің оқытушылар командасы, 2-орынды әл-Фараби атындағы ҚазҰУ командасы, 3-орынды Радиоэлектроника және байланыс әскери инженерлік институтының командасы, 4-орынды «Айқын» газетінің командасы иеленіп, бағалы сыйлықтар мен кубоктарға ие болса, 1-3-ші орындарды иеленген командалардың ойыншылары сәйкесінше алтын, күміс, қоладан медаль тақты.

Турнирдің жабылу салтанатында Несіп Жүнісбаев ағамыз Алматы Университетінің ұжымына барлық командалар мен өз атынан алғыс білдіріп, осы турнирдің тамаша дәстүрге айналуына тілектестігін білдірді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или