АПЛ: «Арсенал» - «Тоттенхэм» матчы кейінге шегерілді
Англия Премьер-лигасының 22-туры аясындағы «Арсенал» - «Тоттенхэм» матчы кейінге шегерілді, деп жазады Prosports.kz.
Лондондық «Арсенал» матчты кейінге қалдыру туралы ресми өтініш білдірді, өйткені команда сапында алаңға шыға алатын тек 12 ойыншы қалған.
«Тоттенхэмнің» наразылығына қарамастан, Премьер-лиганың басшылығы «Арсеналдың» өтінішін қанағаттандырып, ойынды кейінге шегерді.
Айта кетейік, «Арсенал» мен «Тоттенхэм» арасындағы кездесу 16 қаңтарда өтуі керек еді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или