«Қайраттан» кеткен Вагнер Лав даниялық клубқа ауысты

«Қайраттан» кеткен Вагнер Лав даниялық клубқа ауысты

Бразилиялық шабуылшы Вагнер Лав Данияның «Мидтьюллан» футбол клубымен келісімшартқа отырды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Келісім алты айға жасалған. 17 қаңтарда 37 жастағы бразилиялық медициналық тексеруден өтеді. Бұл туралы Globo Esporte мәлімдеді.

«Мидтьюллан» 17 турдан кейін 35 ұпай жинап, Дания чемпионатында көш бастап келеді. 2020 жылы даниялық клуб өз тарихында алғаш рет Чемпиондар лигасының топтық кезеңіне шықты.

Вагнер Лав құрамадағы жетінші бразилиялық болмақ.

Айта кетейік, Вагнер алматылық «Қайрат» сапында 57 матч өткізіп, 27 гол соғып, 20 нәтижелі пас берді. Ал, мәскеулік ЦСКА сапында бразилиялық барлық жарыстарда 259 матчқа қатысып, 124 гол соққан.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или