Азат Нұрғалиев «Тұран» ойыншысы атанды

Азат Нұрғалиев «Тұран» ойыншысы атанды

Бүгін «Тұран» футбол клубы Қазақстан құрамасының ойыншысы Азат Нұрғалиевпен келісімшартқа отырды. Бұл туралы клубтың баспасөз қызметі хабарлады.

Тәжірибелі футболшы өзіне 13 нөмірлі жейдені таңдады.

Азат Нұрғалиев былтыр «Тобылмен» ел чемпионы атанды. Сондай-ақ «Ақсу-Кент», «Ордабасы», «Жетісу», «Сұңқар» және «Астана» секілді командаларда доп тепкен.

2009 жылдан бері Қазақстан құрамасы сапында ойнайды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или