«Астана» сапына сербиялық қақпашы қосылды

«Астана» сапына сербиялық қақпашы қосылды

Сербиялық қақпашы Марко Милошевич елордалық «Астана» сапына ауысты, деп хабарлайды Prosports.kz тілшімі клуб баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ол футболдағы мансабын өз отаны – Сербияда бастаған. Алғашқы келісім-шартын сербиялық «Земун» клубымен жасасып, оның сапында 56 ойын өткізген. Одан бөлек «Вождовац», «Смедерово», «Напредак», «Раднички» құрамасы сапында алаңға шыққан.

Ал Қазақстандағы еңбек жолы 2020 жылдан, «Каспий» құрамасынан бастау алады. Ақтаулық клуб сапында 2 жыл ойын көрсеткен. Ал «Астана» клубымен келісімшарт мерзімі екі жылға есептелген.

Марко Милошевич
Туған күні: 7 ақпан, 1991 ж.
Азаматтығы: Сербия
Позиция: қақпашы
Бойы: 188 см
Салмағы: 84 кг

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или