Испания суперкубогы: «Реал» мен «Атлетик» финалға шықты

Испания суперкубогы: «Реал» мен «Атлетик» финалға шықты

Сауд Арабиясының астанасы Эр-Риядта Испания Суперкубогының жартылай финалдық ойындары өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бірінші жартылай финалда «Реал Мадрид» «Барселонаны» 3:2 есебімен жеңген еді.

14 қаңтарға қараған түні екінші жартылай финал өтті. Онда «Атлетик» (Бильбао) мадридтік «Атлетиконы» 2:1 есебімен жеңді.

«Атлетико» (Мадрид) – «Атлетик» (Бильбао) 1:2 (0:0)

Гол соққандар: 1:0 – Симон (62, автогол), 1:1 – Альварес (77), 1:2 – Уильямс (81).

Испания суперкубогының финалдық ойыны Қазақстан уақыты бойынша қаңтардың 16-нан 17-не қараған түні өтеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или