Қазақстандық қорғаушы «Зенитпен» бірге БАӘ-де өтетін жаттығу жиынына аттанды
«Қайрат» футбол клубы мен Қазақстан құрамасының қорғаушысы Нұралы Әліп «Зенит» сапында БАӘ-дегі оқу-жаттығу жиынына аттанды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Қазақстандық ойыншы қазір ресейлік клубта қаралымнан өтіп жүр.
Әліп «Зенит» сапындағы дебютін 19 қаңтарда өткізуі мүмкікн. Сол күні «Зенит» «Эмирейтс» командасымен жолдастық матч өткізеді. Бұдан бөлек болгариялық «Ботев» (22 қаңтар) және словакиялық «Жилинамен» (25 қаңтар) матч өтеді.
Айта кетейік, команда 13-25 қаңтар аралығында Дубайда оқу-жаттығу жиынын өткізеді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или