«Алтын доп» иегері Польша құрамасының тізгінін ұстаудан бас тартты
«Гуанчжоу Эвергранд» пен Қытай құрамасының бұрынғы бас бапкері Фабио Каннаваро Польша құрамасын басқарудан бас тартты, деп жазады Prosports.kz.
Бұл туралы журналист Джанлука Ди Марцио хабарлады.
Маман Польша футбол одағының ұсынысын қабылдамады. Бас тарту себептерінің бірі 2022 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңінің плей-офф матчтарына дайындалуға аз уақыт қалғаны болды.
24 наурызда Польша құрамасы Ресей құрамасымен ойнайды.
Айта кетейік, 48 жастағы бапкер 2006 жылы Италия құрамасымен әлем чемпионы атанып, сол жыл қорытындысы бойынша «Алтын Доп» жүлдесін жеңіп алды.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или