«Шахтер» босниялық қорғаушыны қатарына қосты
26 жастағы босниялық қорғаушы Джордже Чосич Қарағандының «Шахтер» клубына ауысты, деп хабарлайды Prosports.kz.
Ол клубпен бір жылға келісімшартқа отырды, егер тараптар ынтымақтастыққа риза болса, тағы бір жылға ұзарту мүмкіндігімен. Чосичке басқа клубтардан да ұсыныстар болды, бірақ ол мансабын «Шахтерде» жалғастыруды жөн көрген.
Айта кетейік, Джордж Чосич бүкіл мансабында тек өз елінде - босниялық Дрина Зворник, Витез, Зрински Мостар және Борак командаларында ойнаған. Осы маусымда Борак сапында бірге ол тоғыз матч өткізіп, бір гол соғып, бір нәтижелі пас берді. Transfermarkt.de сайты футболшыны 250 мың еуроға бағалап отыр.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или