Месут Өзіл: «Арсеналға ауысқалы енді жақсы ойын өрнегін көрсетудемін»

Лондондық «Арсеналдың» жартылай қорғаушысы Месут Өзіл «Реалдан» «Арсеналға» ауысқалы енді жақсы ойын өрнегін көрсетіп жүргенін айтты, деп хабарлайды «PROСПОРТ».

«Қазір өз ойынымның тұрақтылығына көңілім толады. «Арсеналға» ауысқалы енді жақсы ойын өрнегін көрсетудемін. Маусымның басында аздап әлсіздеу болдым. Кәсіпқой футболмен 16 жасымнан айналыстым, осы уақытқа дейін мұндай ауыр жарақаттар алып көрмеппін.

Жарақат алуым маған оңынан әсер еткендей болды. Себебі демалумен қатар, Премьер-лигаға не қажет екенін, қандай қателіктермен жұмыс жасау керектігін ұқтым. Англияда футболы күреске толы, жоғарғы темппен ойналады және бірнеше матчтарға қатысып үлгеру қажет.

Жарақат алған сәттен бастап, мен төзімділігімді арттырау үшін біраз жұмыс жасадым. Жаттығулардан соң да айналысып жүрмін», - дейді Өзіл «Sport Magazine» сайтында.

Биылғы маусымда Месут Өзіл ағылшын Премьер-лигасында 16 матч өткізіп, 4 гол соқты, 5 нәтижелі пас берді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или