«Райо Вальекано» қақпашысы «Барселонаға» ауысады

«Райо Вальекано» қақпашысы «Барселонаға» ауысады

«Райо Вальекано» футбол клубы мен Солтүстік Македония құрамасының қақпашысы Столе Димитриевски «Барселонаға» ауысады, деп жазады Prosports.kz.

Ekipa басылымының хабарлауынша, қос клуб 28 жастағы қақпашының трансфері жайлы келісіп қойған.

Қақпашы қазіргі командасындағы әріптестерімен қоштасып, келісімшартқа отыратын «Барселонаға» аттанғаны белгілі болды.

Келісім қаншаға есептелетіні белгісіз. Оның қазіргі клубпен келісімшарты 2024 жылдың жазына дейін жарамды. Ал Transfermarkt порталы солтүстік македониялық ойыншыны 2,5 миллион еуроға бағалайды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или