«Қайрат» қорғаушысы «Зенитке» ауысуы мүмкін
«Қайрат» футбол клубы мен Қазақстан құрамасының қорғаушысы Нұралы Әліп РПЛ клубының оқу-жаттығу жиынына шақырту алды, деп жазады Prosports.kz.
Бұл туралы Meta-ratings.kz сайты хабарлады.
«Алматылық клубқа Әліпті 13 қаңтардан 25 қаңтарға дейінгі жаттығу жиынына шақыру хаты келді. Футболшы Санкт-Петербургке аттанып кетті», - дейді дереккөз.
Нұралы Әліп – «Каспий» футбол клубының түлегі. «Қайратта» 2017 жылдан бері өнер көрсетіп жүр. Негізгі командада 77 матчқа қатысып, 4 гол соққан. «Қайратпен» бірге Нұралы бір мәрте ел чемпионы атанды, бұдан бөлек ҚПЛ-дың екі рет күміс және бір рет қола медалін жеңіп алды.
Қазақстан құрамасы сапында Әліп 12 ойын өткізді. Transfermarkt<span> порталы</span><span> 23 жастағы қорғаушыны 1,7 млн еуроға бағалайды.</span>
Айта кетейік, екі жыл бұрын «Зенит» тағы бір қазақстан ойыншы Бауыржан Исламханға қызығушылық танытып, жаттығу жиынына шақырған. Ол санкт-петербургтік клубтың бір жиынына қатысып, жолдастық матчта алаңға шыққанымен, келісімшарт жасасқан жоқ.