«Қайраттың» алғашқы ОЖЖ қашан өтетіні белгілі болды

«Қайраттың» алғашқы ОЖЖ қашан өтетіні белгілі болды

Қола жүлдегер «Қайраттың» алғашқы оқу-жаттығу жиынын өткізетін күні белгілі болды, деп хабарлайды Prosports.kz сайты Meta-ratings.kz сайтына сілтеме жасап.

«Қайрат» Алматыдағы Майлин көшесінде орналасқан базада 8 қаңтарда жиналады. Бұл ретте базаға үш команда – негізгі, жастар құрамасы – «Қайрат-Жастар» және Ресей чемпионатында өнер көрсететін «Қайрат-Мәскеу» құрамалары жиналатынын айта кеткен жөн.

Бұрынғы жаттықтырушылар Құрбан Бердыев пен Кирилл Морунов негізгі және жастар құрамаларымен жұмысты жалғастырады. Бірақ Кирилл Кекер «Қайрат-Мәскеудің» жаңа бапкері болады.

Осы оқу-жаттығу жиынында «Қайрат-Жастар» командасының жас ойыншылары «Қайрат-Мәскеу» құрамынан орын алуға мүмкіндік алады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или