Қазақстан 2026 жылы әлем чемпионатын өткізе алмайды

2026 жылғы әлем чемпионатын Қазақстан өткізе алмайтын болды, деп хабарлайды «PROСПОРТ».

Наурыз айынан бастап 2026 жылғы әлем чемпионатын өткізу үшін ФИФА қабылдаулар өткізеді. 2017 жылдың мамырында 11 жылдан кейін өтетін мундиальды қабылдайтын мемлекет анықталады. Бұған дейін Қазақстан футбол федерациясының президенті Ерлан Қожағапанов 2026 жылғы әлемдік доданы қабылдау үшін Қазақстан да бақ сынап көретінін айтқан болатын.

Алайда біздің үмітімізді ФИФА басшысы Йозеф Блаттер су сепкендей басып тастады. «2026 жылғы әлем чемпионаты Африкада өтеді», - деді Блаттер.

Қазақстанмен қатар, мундиальді өткізу үшін Қытай, Мексика және Канада таласпақ болған.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или