Ибрагимович пен Леау командалық жаттығуға оралды
«Милан» футбол клубының бірнеше ойыншысы жарақатынан айығып, жалпы топта жаттығуға кірісті, деп жазады Prosports.kz.
Италиялық журналист Антонио Витиеллоның хабарлауынша, шабуылшылар Залатан Ибрагимович пен Рафаэл Леау командалық жаттығуға оралды.
Ал жартылай қорғаушы Анте Ребич толық сақаймағандықтан, жаттығудың жартысына ғана қатысты.
Айта кетейік, Ребич қарашадан бері алаңға шыққан жоқ, Лео желтоқсанның басында жарақат алды. Ал Златан А сериясы аясындағы кейінгі ойынға қатыспады.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или