Лукаку «Тоттенхэмге» ауысуы мүмкін

Лукаку «Тоттенхэмге» ауысуы мүмкін

Шабуылшы Ромелу Лукаку «Челсиден» кетіп, «Тоттенхэмге» ауысуы мүмкін, деп хабарлайды Prosports.kz.  

Бельгиялық ойыншы өткен аптада үлкен сұхбат беріп, лондондық командадағы рөліне көңілі толмайтынын айтты. Әрі «Интерден» кеткеніне өкінетінін жеткізді.

Осы даулы сұхбаттан кейін ойыншының «Челси» басшылығымен ара-қатынасы суып кетті. Оның командада қалу-қалмауы белгісіз болып тұр. Егер қақтығыс шешілмесе, ойыншы командадан кетуі мүмкін. 

Лукаку «Тоттенхэмге» ауысуы мүмкін деген болжам бар. Ол қайтадан Антонио Контенің қол астында доп тепкісі келеді.

Айта кетейік, 28 жастағы бельгиялық осы маусымда АПЛ-да 13 ойынға қатысып, 5 гол соқты.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или