«Қайраттың» экс-шабуылшысы даниялық клубқа қосылып келеді
УЕФА Конференция лигасында өнерін жалғастырып жатқан «Мидтьюлландтың» бразилиялық жартылай қорғаушысы Эвандер Феррейра алматылық «Қайратты4» бұрынғы шабуылшысы Вагнер Лавты Дания чемпионатына шақырып отыр, деп хабарлайды Prosports.kz сайты «Добрый Пруф»телеграм-каналына сілтеме жасап.
«Мидтьюлландтың бразилиялық жартылай қорғаушысы Эвандер Феррейра #VagnerLoveinMidtjylland хэштегін шығарып, оған түсініктеме қалдырды: «Жанкүйерлерде мұндай күш бар. Көру үшін осы хэштегті іске қосыңыз және пікір қалдырыңыз<span>»</span>
Айта кету керек, Вагнер Лавтың агенті Эвандердің әкесі», - деп жазады ресурс.
Еске салайық, «Қайратпен» келісімшарты аяқталғаннан кейін форвард футболшы мансабын жалғастыруға ниетті екенін мәлімдеген болатын. Бұған дейін БАҚ оған ресейлік ЦСКА мен «Химки» клубтарының қызығушылық танытқаны туралы жазған болатын.