Лукаку «Челсиден» кете ме?

Лукаку «Челсиден» кете ме?

«Челси» футбол клубы шабуылшы Ромелу Лукакуды қысқы трансферлік кезеңде басқа командаға жібермейді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бельгиялық ойыншы осы аптада үлкен сұхбат беріп, лондондық командадағы рөліне көңілі толмайтынын айтты. Әрі «Интерден» кеткеніне өкінетінін жеткізді.

Инсайдер Фабрицио Романоның айтуынша, «Челси» қаңтарда Лукакуды басқа командаға жібермейді. Бұл мәселе бойынша клубтың ұстанымы өте айқын, олар шабуылшыны сатпайды.

Айта кетейік, 28 жастағы бельгиялық осы маусымда АПЛ-да 13 ойынға қатысып, 5 гол соқты.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или