Дембелеге бірқатар Еуропаның топ-клубтары қызығып отыр
Еуропаның бірқатар клубтары «Барселонаның» шабуылшысы Усман Дембелеге қызығушылық танытып отыр.
Mundo Deportivo басылымының мәліметінше, Дембелені «ПСЖ», «Бавария», «Тоттенхэм», «Ливерпуль», «Манчестер Сити», «Челси» және «Манчестер Юнайтед» сапында көргісі келеді.
Усман Дембеленің «Барселонадағы» тағдыры келер жылдың басында анықталады. Қос тарап келіссөз жүргізіп, ортақ шешімге келе алмаса «Барселона» футболшыны сатуға дайын.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или