Қазақстан құрамасының бұрынғы қақпашысы «Астанадан» кетті

Қазақстан құрамасының бұрынғы қақпашысы «Астанадан» кетті

«Астана» қақпашыларының бапкері Олег Воскобойников клубтан кетті, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Meta-ratings.kz сайтына сілтеме жасап.

Тәжірибелі маман елордалық команданың бапкерлер штабында өткен жылдың ортасынан бастап жұмыс істеп, «Астанаға» Николай Родионовтың орнына келген болатын.

50 жастағы Воскобойниковтың орнына клубтың жаңа бас бапкері Срджан Благоевичке жақсы таныс маман келеді. Бұл «Каспий» қақпашыларының бапкері Милан Стойкович болуы мүмкін.

Олег Воскобоников ойыншы кезінде үш рет Қазақстанның ең үздік футболшысы атанып, ұлттық құрамада ойнаған болатын. Ол «Астанадан» бөлек «Қайраттың» бапкерлер штабында жұмыс істеген.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или