«Реалдың» төрт ойыншысы коронавирус жұқтырды
«Реал Мадрид» ресми сайтында негізгі құрамның төрт футболшысы коронавирус инфекциясын жұқтырғанын мәлімдеді, деп хабарлайды<span> </span>Prosports.kz.
Қақпашы Тибо Куртуа, жартылай қорғаушылар Федерико Вальверде мен Эдуардо Камавинга және шабуылшы Винисиус Жуниордан коронавирус анықталды.
Бұған дейін «Барселонада» жеті ойыншы, «Валенсияның» негізгі кұрамында төрт ойыншы COVID-19 жұқтырғаны белгілі болған.
«Реал Мадрид» 19 матчта 46 ұпай жинап, 2021/2022 жылғы Испания чемпионатының турнирлік кестесінде 1-орында тұр. Үздік үштікке – «Севилья» (38) және «Бетис» (33) кіреді. Испанияның қазіргі чемпионы – Мадридтік «Атлетико».
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или