«Шахтер» Михаил Бакаевпен қош айтысты

«Шахтер» Михаил Бакаевпен қош айтысты

Қарағандылық «Шахтер» ресейлік жартылай қорғаушы Михаил Бакаевпен қош айтысты. Бұл туралы команданың баспасөз қызметі хабарлады.

34 жастағы ойыншы «кеншілер» сапына 2020 жылдың ақпан айында қосылып, осы аралықта 37 ойынға қатысып, екі нәтижелі пас берді. Сонымен қатар алаңға алты мәрте капитандық белгімен шықты.

Бакаев «Шахтердан» бөлек Қазақстанда алматылық «Қайрат» сапында өнер көрсетті.

 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или