«Астананың» бұрынғы ойыншысы Арменияның үздік футболшысы атанды
Армения құрамасы мен испаниялық «Кадис» командасының қорғаушысы Вараздат Ароян жыл қорытындысы бойынша өз елінің үздік футболшысы атанды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Бұл туралы Армения футбол федерациясының баспасөз қызметі хабарлады.
Дауыс беру нәтижесі бойынша Ароян 92 ұпай жинап, Арменияның 2021 жылғы үздік футболшысы атанды. Екінші орынды Армения құрамасының капитаны, «Романың» жартылай қорғаушысы Генрих Мхитарян (62 ұпай) еншіледі.
Айта кетейік, Ароян «Астанадан» «Кадиске» биыл шілде айында ауысты.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или