Украина чемпионатының 2021 жылдағы үздік бапкері анықталды

Украина чемпионатының 2021 жылдағы үздік бапкері анықталды

«Динамо Киевтің» бас бапкері Мирча Луческу 2021 жылғы Украина чемпионатының үздік бапкері атанды, деп хабарлайды<span> </span>Prosports.kz<span> тілшісі Украина Премьер-лигасының ресми сайтына сілтеме жасап</span>.

Шешімді футболдан Бүкілукраиналық бапкерлер бірлестігі шығарған. 2021 жылы киевтік «Динамо» 76 жастағы маманмен бірге ел чемпионатын, сондай-ақ Украина кубогы мен Суперкубогын жеңіп алған.

Украина чемпионатының 2021 жылдағы үздік бес бапкері:

1. Мирча Луческу («Динамо») — 4,5 ұпай

2. Виктор Скрипник («Заря») — 4,34 ұпай

3. Игор Йовичевич («Днепр-1») — 4,3 ұпай

4. Луиш Каштру («Шахтер») — 4,22 ұпай

5. Роберто Де Дзерби («Шахтер») — 4,2 ұпай

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или