«Қайсар» өз алаңында «Тараздан» ұтылды

Футболдан ел чемпионатының жетінші турында «Тараз» сырт алаңда «Қайсармен» кездесті, деп хабарлайды «PROСПОРТ».

Алтыншы турда ел чемпионын тізе бүктірген тараздықтар бұл жолы да жеңіске жете алды. Евгений Яровенконың командасы «Локомотив» стадионында «Қайсарды» 3:1 есебімен ұтты. Жамбылдық команданың украиндық легионері Александр Пищур Прядкиннің қақпасына үш гол соқты. Алаң қожайындары Алексей Мулдаровтың голымен ғана жауап берді. Осылайша, «Тараз» кезекті жеңісіне қол жеткізіп турнир кестесінде 5-ші орында тұрақтады.

ҚПЛ - 2015. 7-ші тур.

«Қайсар» - «Тараз» 1:3 (0:2)

Голдар: Пищур 24, 31 57 – Мулдаров 70

«Қайсар»: Прядкин, Кляйн, Митошевич, Мулдаров, Цой, Мұжықов, Нехтий (Хунт 66), Розыбакиев, Шестаков, Алтынбеков (Вороговский 71), Юнузович.

«Тараз»: Григоренко, Баялиев, Мера, Мухутдинов, Аверченко, Досмағамбетов (Уббинк 68), Евстигнеев, Жұмаханов, Сергиенко, Таубай (Әбдінәби 82), Пищур.

Төрешілер: Айдын Рақымбаев, Санжар Ысқақов, Алексей Шабанов.

Ескерту алғандар: Мұжықов 43 – Таубай 69.

15-ші сәуір 2015 ж. Қызылорда, «Локомотив» стадионы.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или