«Тобыл» команда капитанымен келісімшарт мерзімін ұзартпауы мүмкін
«Тобылдың» 35 жастағы капитаны Азат Нұрғалиев алғашқы оқу-жаттығу жиынына шақырту алған жоқ, деп жазады Prosports.kz.
Бұл туралы Meta-ratings.kz сайты хабарлады.
Нұрғалиев бірінші жаттығу жиынына шақырылған ойыншылар тізімінде жоқ, клуб оның атына билет алмаған. Қостанайлық клуб негізгі құрамда көп ойнамайтын, жасы ұлғайған футболшыға жаңа келісімшарт ұсынғысы келмейді.
Маусым соңында «Тобыл» қосалқы қақпашы Егор Цуприков, шабуылшы Эльгуджа Лобжанидзе және жартылай қорғаушы Жереми Манзорро сияқты бірқатар ойыншылармен қоштасты.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или