«Астананың» маусым алдындағы оқу-жаттығу жиыны қашан басталады

«Астананың» маусым алдындағы оқу-жаттығу жиыны қашан басталады

«Астана» және Қазақстан ұлттық құрамасының қорғаушысы Абзал Бейсебеков Youtube-подкаст Нұрсұлтан Құрманға берген сұхбатында елордалық клубтың маусым алдындағы оқу-жаттығу жиынының басталу күнін атады, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

«Қаңтар айының басында, шамамен 7-8 күндері біз жаңа маусымға дайындалу үшін оқу-жаттығу жиындарына Анталияға ұшамыз. Жеке бағдарлама бойынша негізгі топтан бөлек дайындаламын. Бізде дене шынықтыру маманымем жұмыс істеймін. Бұл туралы кеше бас бапкер Срджан Благожевичпен жеке әңгімеде сөйлестік », - деді маусымның соңғы бөлігін жіберіп алуына себеп болған жарақатынан айығуын жалғастырып жатқан футболшы.

2021 жылғы маусымда «Астана» Қазақстан чемпионатының күміс жүлдегері атанды. Конференция лигасында астаналықтар алдымен грек «Арисін» (2:0, 1:2) тізе бүктірді, бірақ үшінші іріктеу кезеңінде финдік «КуПС» клубынан (1:1, 3:4) ұтылды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или